Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Италия Премьер-министрімен кездеседі

Президент 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді.

Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Мемлекет басшысы 25 мамыр күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

Президент мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

admin_altyalash

Ақтөбеде тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктілер ұсталды

admin_altyalash

«ҚҰЛАГЕР» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

admin_altyalash