Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанған Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясы хабарлағандай, қазақстандық теннисші 5090 ұпай жинап, WTA рейтингінде 6-дан 4-сатыға көтерілді. Елена төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) да басып озды.

Финалдан кейін қазақстандық теннисші қарсыласы Ангелина Калининаны досым деп атап, жарақатынан тезірек сауығып, Ролан Гаррос жарысында табысты өнер көрсетуіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар барлық жанкүйерлерге алғысын айтып, жаңбырға байланысты жиі-жиі кейінге қалдырылған ойындардың оңай болмағанын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қостанайда «Батыр» спорт кешені ашылды

admin_altyalash

Астанада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтті

admin_altyalash

Қарағанды облысының спортшысы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде үздік үштікке енді

admin_altyalash