Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Юлия Путинцева мен Анна Данилина Мароккодағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA 250 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, доданың үшінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші мен мажарстандық Тимея Бабош алғашқы айналымда чехиялық Анастасия Детюк – венесуэлалық Андреа Гамиспен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен бірінші партияда қазақстандық-мажарстандық дуэт тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3). Екінші сетте Детюк пен Гамиске еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0.

Әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Марокко астанасы Рабатта өтіп жатқан WTA 250 турнирін жеңіспен бастады. Топырақ төсенішінде өтіп жатқан жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 1230-орында тұрған марокколық Ая Эль-Аунимен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда үш брейк жасаған Путинцева айқын басымдылық көрсетті – 6:1. Ол екінші сетте де 3:0 есебімен алға кетіп 6:4 есебімен жеңді.

Юлия Путинцева жүлде қоры 259 303 АҚШ долларына бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 129-ракеткасы, франциялық Леолия Жанжанмен кездеседі.

Ұқсас жаңалықтар

Олимпиада медалін алуға бір қадам қалды – Әбиба Әбужақынова

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ МЕН БАПКЕРІНЕ ПӘТЕР ЖӘНЕ КӨЛІК КІЛТТЕРІН ТАБЫС ЕТТІ

admin_altyalash

ПСЖ Мессиге жаза қолданады

admin_altyalash