Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

Қазақстандық оқушылар әлемдегі үздік жас физиктердің қатарына енді

Зияткерлік мектептердің екі оқушысы әлемдегі үздік жас физиктердің қатарына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Ерсұлтан Пітебай Asian Physics Olympiad-тың (APhO) жеңімпазы атанып, алтын медаль алды. Ол былтыр Үндістанда өткен сайыста қола медаль алған болатын.

Ал Ақтөбедегі Зияткерлік мектеп оқушысы Әлішер Еркебаев Азия олимпиадасының қола жүлдесін екінші мәрте еншіледі.

APhO – Азия-Тынық мұхиты елдері оқушылары арасында 2000 жылдан бері өткізіліп келе жатқан беделді білім бәйгесі. Биылғы олимпиада Монғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында өтті.

Ұқсас жаңалықтар

ALEM TECH FEST 2026 фестивалінде әлемнің 7-елінен 5000-нан астам оқушы бас қосады

admin_altyalash

Бұл – жетісулық театрдың «Академиялық» мәртебесін алғаннан кейінгі сахналаған алғашқы қойылымы

admin_altyalash

Елорданың мәдени ұйымдары «Ұлттық киім» күніне ауқымды флешмоб өткізді

admin_altyalash