280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады

30.05.2023
0
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді, онда негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) және тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) тарту барысы қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, биылғы қаңтар-сәуір айларында НКИ-дің жалпы көлемі 3,8 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артық. Бұл орайда тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, көлік және қоймалау, ауыл шаруашылығы салаларының көрсеткіштері жоғары.

Қаңтар-сәуір айларында жалпы респуб­ликалық нысаналы ин­дикаторға қол жеткізілді. 20 өңір­дің 12-сі жоспарларын орынд­ады немесе асыра орындады. Олардың қатарында Түркістан (148%), Қызылорда (137%), Қарағанды (122%), Маңғыстау (122%) және Ақмола (116%) облыстары бар. Орталық мемлекеттік органдар арасында Денсаулық сақтау (167%), Оқу-ағарту (153%), Ғылым және жоғары білім (152%), Сауда және интеграция (143%), Ауыл шаруашылығы (116%), Эко­ло­гия және табиғи ресурстар (108%) министрліктері белгі­лен­ген көрсеткіштерді асыра орындады.

Премьер-министр 4 айдың қорытындысы бойынша облыстар мен орталық мемлекеттік органдардың дені НКИ бойынша көрсеткіштерді қамтамасыз еткенін, алайда 8 өңірдің нысаналы индикаторларға қол жеткізе алмағанын атап өтті. Аутсайдерлер – Ұлытау (52%), Абай (64%) және Жамбыл (65%) облыстары.

«Ұлытау және Жамбыл облыстары өткен жылы да жос­парды орындамаған. Аталған облыстардың әкімдері бұған дейін Инвестициялық штаб отыры­сында жағдайды биыл түзейміз деп уәде берген бо­латын. Бірақ, көріп отырға­нымыздай, бұл өңірлер барлық облыстың ішінде ең соңғы орындарда қалып отыр», деді Әлихан Смайылов.

Қабылданып жатқан шаралар туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев және Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов баяндама жасады.

Баяндамашыларды тыңдап болған соң, Үкімет басшысы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша инвес­ти­цияларға жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Сонымен қатар Әлихан Сма­йылов Мәдениет және спорт (62%), Цифрлық даму, инновация­лар және аэроғарыш өнеркәсібі (61%) министрліктерінің НКИ бойынша жұмыс қарқыны өте баяу екенін атап өтіп, IT саласындағы жобалар санын ұлғайту, сондай-ақ туризм саласына инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Аталған мәселелер бойынша Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакиннің есептері тыңдалды.

Премьер-министр осы жылы Үкімет алдында НКИ деңгейін 18,5 трлн теңгеге жеткізу міндеті тұрғанын атап өтті. Осыған байланысты өңірлер мен ведомстволар кемшіліктерді ескере отырып, негізгі капиталға инвестициялар тарту жұмыстарын күшейтуі қажет.

Сонымен қатар отырыста тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі өткен жылғы жұмыс қорытындылары қаралды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, өткен жылы НКИ көрсеткіші 28 млрд долларды құраған, бұл – соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Экономиканың негізгі салаларында жалпы құны 2,3 трлн теңге болатын 199 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. 2023 жылы 1,9 трлн теңгеге тағы 281 жобаны іске қосу жоспар­ланып отыр.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша инвесторлардың үздік ондығына Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Бельгия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Франция, Ұлыбритания және Германия елдері кірді.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Үкімет алдына 2029 жылға дейін 150 млрд ­доллар ТШИ тарту міндетін қойғанын атап өтті.

«Биыл экономикаға кем дегенде 24 млрд доллар шетелдік капиталды тартуға тиіспіз. Ми­нистрлер мен әкімдер эконо­миканың ­басым секторларында шетелдік капиталдың қаты­суымен жаңа әрі сапалы инвестициялық жоба­ларды жүзеге асыру үшін қажетті ­шара­ларды қабылдауы керек», деді Премьер-министр.

Одан бөлек, отырысқа қаты­сушылар шетел­дік инвес­торлардың қатысуымен орындала­тын ірі жобалар бойынша проблемалық мәсе­лелерді қарады. Талқылау қорытындысы бо­йынша Әлихан Смайылов жауапты мемле­кеттік органдар мен ұйымдарға оларды шешу бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды.

Аманкелді ҚИЯС

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.