Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтар

Президент Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата (Қырғызстан) қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысын әуежайда Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.

Саммитке Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов қатысады деп жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Жұлдыз Сүлейменова Олжас Бектеновтің экс-премьерден басты артықшылығын атады

admin_altyalash

Халықтың талап-тілегін тыңдады

admin_altyalash

Қазақстан Жапониямен стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән береді

admin_altyalash