Абай облысындағы өрт: Даниал Ахметовтен жауап алынады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 29, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Абай облысындағы өрт: Даниал Ахметовтен жауап алынады

14.06.2023
0
Абай облысындағы өрт: Даниал Ахметовтен жауап алынады

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өрт бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты бірқатар түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл іске немқұрайлы болған әр адам міндетті түрде тиісті жазасын алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, бүгінде «екі және одан да көп адамның қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша тергеу жұмыстарын Бас прокуратура жүргізіп жатыр. Ведомствоның арнайы қызметі тергеуге кірісті, ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылып, оған барлық құқық қорғау қызметтерінің ең тәжірибелі, білікті тергеушілері мен жедел қызметкерлері кірді. Жұмыс тобын Бас прокурордың орынбасарларының бірі басқарады. Іс Бас прокурордың ерекше бақылауында.

«Сонымен қатар осы трагедияның ауқымын, экологияға келтірілген залалды, ең бастысы – қызметтік міндеттерін атқару кезінде 14 орман қызметкерінің қаза табуын ескере отырып, біз де лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғадық. Осы қылмыстық істі тергеу шеңберінде өз міндеттеріне, қызметіне жосықсыз, жауапсыз қараған, соның салдарынан өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаған, осындай қайғылы оқиғалар мен адам өліміне әкеп соққан барлық лауазымды адамдардың шеңбері белгіленетін болады», деп түсіндірді Жандос Өмірәлиев.

Бұл ретте Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Юрий Ильин, Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов сынды лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне әлі ешқандай баға берілген жоқ.

«Қозғалған қылмыстық іс аясында қызметтік міндеттеріне қатысты тиісті шара қолданбай, соның салдарынан ауқымды өрт пен адам өліміне әкеп соқтырғандардың бәрі сөзсіз жауапкершілікке тартылады. Қазір шенеуніктердің әрекеті сараланған жоқ, тергеу енді басталды. Айта кетсем, жауапқа тек басшылар ғана емес, орта буын басшылары да тартылады, олар қазір өртті сөндіруге атсалысып жатқанын ескердік. Біздің басты мақсатымыз – өртті сөндіру. Бірақ алдағы уақытта олардан міндетті түрде жауап алынады. Тергеу мерзімі – екі ай», деп сендірді Бас прокурордың орынбасары.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Абайдағы трагедия басқа өңірде қайталанбауға тиіс

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда 2 градусқа дейін үсік жүреді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.