Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Еліміздің 4 ірі қаласында ауа сапасы нашарлайды

16 маусым күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, 16 маусым күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Атырау, Алматы, Астана және Шымкентте ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Жоба ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асырылады

admin_altyalash

ІІМ құжаты және құқықтық мәртебесі жоқ азаматтарға көмектесіп жатыр

admin_altyalash

«Шығыс Салбурыны-2025» атты V мерейтойлық халықаралық фестиваль басталды

admin_altyalash