Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан басқа салмаққа ауысады. Бұл туралы ол QAZAQ RING YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
Бүған дейін боксшы 54 келіде өнер көрсетіп келді, бірақ бұл салмақ олимпиадалық емес. Сондықтан Олимпиадаға қатысу үшін жазғы ойындардың бағдарламасында бар 57 келіге өтпек.
Еске салайық, Қазақстан құрамасында 57 келіде 2021 жылғы әлем чемпионаты мен 2022 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері Серік Теміржанов өнер көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.