Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Маңғыстаулық дәрігер ұшақта адам өмірін сақтап қалды (ВИДЕО)

ZTB.KZ редакциясына 25 маусым күні ұшақ бортында түсірілген видео жіберілді. Онда Астана-Ақтау рейсіндегі жолаушылардың бірі турбулент қозғалысы кезінде күрт нашарлағаны атап өтілді. Әйел есінен танып, қысымы төмендеген және жүрегі тоқтап қалу қаупі болған.

Бортта Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінің Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Аманжолов болды. Ол әйелді құтқарып қалды. Бірақ аман алып қалу қиынға соқты, өйткені FlyArystan авиакомпаниясына тиесілі бұл ұшақтың бортында оттегі цистерналары мәселесі туындаған.

«Стюардессалар алдымен бос болған оттегі цистернасын әкелді, кейін бос тұрған тағы біреуін берді. Бақытымызға орай, алғашқы медициналық көмек қорапшасында науқасты реанимациялауға және оның өмірін сақтауға мүмкіндік беретін дәрі-дәрмектер болды», – делінген хабарламада.

Видео авторлары отандық авиакомпаниялардан алғашқы көмек жинақтарын тексеруді сұрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

admin_altyalash

Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

admin_altyalash

АЭС салу электроэнергия тапшылығы мәселесін шешеді – Талдықорғанда жария талқылау өтті

admin_altyalash