Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қос палатының жұмысын қорытындылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, алғаш рет Мәжіліске 6 саяси партия сайланған.
Осыған дейін ұзақ уақыт бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Бұл жолғы сайланым Қазақстан тарихындағы ең көп партиялы Парламент болып отыр. Мәжіліс түрлі көзқарастар мен саяси күштер тоғысқан алаңға айналды. Халық қалаулыларының жаңа толқыны келді. Мәжіліс құрамы ұзақ жылдан бері алғаш рет бірмандатты округтен сайланған, шынайы әрі тартысты бәсекеде озып шыққан депутаттармен толықты.
Сондай-ақ әйелдер мен ерекше қажеттілігі бар адамдардың және жастардың қатары көбейді. Сегізінші сайланымды басқа шақырылымдарға қарағанда ең жас Парламент деп атауға болады. Жасы әлі 35-ке толмаған 13 депутат Қазақстан жастары атынан өкілдік етіп жатыр. Бүгінгі таңда жаңарған Парламент – саяси мәдениеті жоғары, беделді халық қалаулыларынан құралған», – деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс төрағасы бірінші сессия небәрі 100 күнге созылғанын жеткізді. Осыған қарамастан ауқымды жұмыс жүргізілген.
«Қысқа болғанымен, атқарылған міндеттер бойынша бұл сессияның жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болды. Сессияның ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметіміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Олар іс жүзінде жүзеге асырылып, Парламентте қаралған заң жобаларының негізіне айналды.
Бұл сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті. Онда 120-дан аса мәселе қаралды. Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болды, оның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға Президент қол қойды, – деді ол.
Оның пікірінше, қазіргі сайланымның басты ерекшелігі – көптеген маңызды заң жобасын депутаттардың бастамасымен әзірленуі.
«Депутаттар бастамашы болған заң жобаларына сайлаушылардың талап-тілегі, мұң-мұқтажы, ел президентінің тапсырмалары арқау болды. Бұл ретте заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заңның қабылдануы – әлеуметтік әділдік іздеген жұртшылық талабына лайықты жауап. Ол туралы Президенттің сайлауалды бағдарламасында айтылған. Біздің партиялардың сайлауалды бағдарламаларына да енгізілді. Аталған мәселеге осы сессияда нүкте қойылды. Бұл заң – заңсыз алынған активтерді қайтарудың жаңа құқықтық тетіктерін қалыптастырды», – деді Ерлан Қошанов.
Сондай-ақ төраға бұдан басқа да маңызды заң жобалары қаралып, қабылданғанын атап өтті.
Сенат пен Мәжіліс депутаттары тиісті қаулыны қабылдады.
Осымен сегізінші сайланған Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясын жабық деп жариялаймын, – деді Мәжіліс төрағасы.
Биыл наурызда өткен Парламент сайлауында AMANAT партиясы 40 орын, «Ауыл» партиясы 8 орын, Respublica партиясы 6 орын, Қазақстан халық партиясы 5 орын, «Ақ жол» партиясы 6 орын және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 4 мандат алды.
«Ауыл» партиясынан депутат болғандар:
- Жигули Дайрабаев,
- Серік Егізбаев;
- Қарақат Әбден;
- Анас Баққожаев;
- Ерболат Саурықов;
- Николай Арсютин;
- Аян Зейнуллин;
- Таңсәуле Серіков.
Қазақстан Халық партиясынан депутат болғандар:
- Магеррам Магеррамов;
- Ирина Смирнова;
- Гаухар Танашева;
- Кенжегүл Сейтжан;
- Ислам Сұңқар.
«Ақ жол» партиясынан депутат болғандар:
- Ерлан Барлыбаев;
- Ержан Бейсенбаев;
- Дания Еспаева;
- Қазыбек Иса;
- Азат Перуашев;
- Асқар Садықов.
Respublica партиясынан депутат болғандар:
- Айдарбек Қожаназаров;
- Динара Шүкіжанова;
- Динара Наумова;
- Руслан Берденов;
- Нұргүл Тау;
- Олжас Кұспеков.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан Мәжіліске өткен депутаттар:
- Нұрлан Әуесбаев;
- Асхат Рахымжанов;
- Ажар Сағандықова;
- Наурыз Сайлаубай.
Amanat партиясынан депутат болғдардың тізімі:
- Ерлан Абдиев
- Константин Авершин
- Тілектес Адамбеков
- Асхат Аймағамбетов
- Мұрат Әбенов
- Нұржан Әшімбетов
- Жанарбек Әшімжанов
- Аманжол Әлтай
- Марат Бәшімов
- Елнұр Бейсенбаев
- Берік Бейсенғалиев
- Наталья Дементьева
- Мұрат Ергешбаев
- Ғалымжан Елеуов
- Ринат Заитов
- Снежанна Имашева
- Бақтықожа Ізмұхамбетов
- Павел Казанцев
- Болат Керімбек
- Дмитрий Колода
- Ерлан Қошанов
- Айгүл Құспан
- Юлия Кучинская
- Самат Мұсабаев
- Самат Нұртаза
- Сергей Пономарев
- Альберт Рау
- Максим Рожин
- Татьяна Савельева
- Ерлан Саиров
- Айдос Сарым
- Нартай Сарсенғалиев
- Бауыржан Смағұлов
- Екатерина Смышляева
- Жұлдыз Сүлейменова
- Мәди Тәкиев
- Мақсат Толықбай
- Дүйсенбай Тұрганов
- Үнзила Шапақ
- Никита Шаталов
Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімі:
- Астана қаласы – Дәулет Тұрлыханов, Дәулет Мұқаев;
- Алматы қаласы – Ермұрат Бапи, Ерлан Стамбеков, Бақытжан Базарбек;
- Шымкент қаласы – Данабек Исабеков, Болатбек Нәжметдинұлы;
- Абай облысы – Нұртай Сабильянов;
- Ақмола облысы – Айна Мысырәлімова;
- Ақтөбе облысы – Қазыбек Әбішев;
- Алматы облысы – Ардақ Назаров, Данияр Қасқарауов;
- Атырау облысы – Әділ Жұбанов;
- Батыс Қазақстан облысы – Абзал Құспан;
- Жамбыл облысы – Мұқаш Ескендіров, Гүлдара Нұрымова;
- Жетісу облысы – Руслан Қожасбаев;
- Қарағанды облысы – Құдайберген Бексұлтанов, Арман Қалықов;
- Қостанай облысы – Еркін Әбіл;
- Қызылорда облысы – Мархабат Жайымбетов;
- Маңғыстау облысы – Еділ Жаңбыршын;
- Павлодар облысы – Амантай Жарқынбек;
- Солтүстік Қазақстан облысы – Еркебұлан Мамбеков;
- Түркістан облысы – Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Темір Қырықбаев;
- Ұлытау облысы – Ерболат Сатыбалдин;
- Шығыс Қазақстан облысы – Лұқбек Тұмашинов.