Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтар

Тоқаев Корея Республикасының президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльге көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Табиғат апаты салдарынан болған орны толмас қайғыға ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккен жандардың тез арада сауығуын, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның орталығында екі күн бойы толассыз жауған жаңбыр су тасқыны мен көшкінге айналды. Салдарынан 32 адам қаза тауып, 10-нан астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа Конституцияны қолдайтын Жалпыұлттық Коалиция құрылды

admin_altyalash

Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады

admin_altyalash

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНА ҚОЛДАУ – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

admin_altyalash