Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Күрестен АЧ: Қазақстанның әйелдер командасы екі жүлде алды

Фото: Күрес түрлері федерациясы

Иорданияның астанасы – Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатының (U15&U20) жетінші күні U20 әйелдер күресінен соңғы 5 келі салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, ұлттық құраманың спортшылары ел қоржынына екі жүлде салды.

72 келіде сынға түскен Шәмшиябану Тастанбек финалда үнді қызы Харшита Харшитаға есе жіберіп, Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Алтын Шағаева (53 келі) қола медаль алды.

Осылайша, бұл жолғы құрлық додасын Қазақстан құрамасы әйелдер күресінен 1 күміс, 4 қола жүлдемен қорытындылады.

Бүгін U20 еркін күрес балуандары 57, 65, 70, 79 және 97 келіде күш сынасады.

Д.ЖҰМАБЕКҰЛЫ

Ұқсас жаңалықтар

Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

admin_altyalash

Париж көшелеріне қазақ боксшыларының фотосуреті ілінді

admin_altyalash

Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды

admin_altyalash