Абай облысында 9 жасар ұл бала зорланды. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі хабарлады. «Не молчи» қорына жәбірленушінің әкесі шағымданған.
Оның айтуынша, ұлын өгей әкесінің інісі зорлаған. Оқиға бала үйге телефонын қуаттауға кірген кезде болыпты. 46 жастағы күдікті баланың аузын жауып, үйдегілерді көмекке шақыруға мүмкіндік бермеген. Біреуге тіс жарса, өлтіретінін айтып қорқытқан.
Бала қарсыласқан, денесі көгерген. Полиция күдіктіні сол күні тұтқындады, тергеу жүріп жатыр.
Анықталғандай, былтыр 48 жастағы көршісі зорлаған 9 жасар қыздың анасы осы баланың әкесінің жақын туысы болып шықты.