Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Рыбакина жүлде қоры 5 млн доллардан асатын турнирлерге қатысады

Фото: ашық дереккөз

Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтетін Canadian Open және АҚШ-тың Цинциннати штатында болатын Cincinnati Masters турнирлеріне қатысатын теннисшілердің қатарына кірді.  

Монреальдағы WTA турнирі 7-13 тамыз аралығында өтеді. Оның жүлде қоры –  2 788 468 доллар. Жеңімпаз 454 500 долларға және рейтингілік 900 ұпайға ие болады. Цинциннатидегі турнир 14-20 тамыз аралығында өтеді. Оның жүлде қоры – 2 527 250 доллар. Турнир жеңімпазы 412 000 доллар алады. Сосын оған рейтингілік 900 ұпайға кепілдік беріледі.

Монреаль мен Цинциннатидегі турнирлерден кейін 28 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында теннистен биылғы жылдың төртінші және соңғы «Үлкен дулыға» турнирі өтеді. Бұл жарыс АҚШ-тың ашық чемпионаты (US Open) деген атпен де белгілі.

Дастан ЖҰМАБЕК

Ұқсас жаңалықтар

Аида Балаева: Қазақстанда 23 мыңнан астам ҮЕҰ-ның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді

admin_altyalash

М.Визердің Қазақстанға келуі отандық дзюдо үшін аса маңызды оқиға

admin_altyalash

Байқауға шығармалар қабылдау жалғасып жатыр

admin_altyalash