Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Қызылордада сүйген қызын қарата алмаған ер адам өзін өртеп жіберді

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қызылордада 37 жастағы ер адам өзін жағып жіберді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 30 шілдеде болған. Ер адам сүйген қызын қарата алмағанына ашуланған. Ол ызаға бой алдырып, үстіне бензин құйып, от қойып жіберген.

“Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы “Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу” бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды”, – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр екенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Аталған жобаның басты артықшылығы – жылдамдығында

admin_altyalash

Аида Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі

admin_altyalash

Елордада Әділбек Ыбырайымұлының жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті

admin_altyalash