Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Алматыда 2007 жылғы жасөспірім хайп үшін қарияны соққыға жықты

фото: ашық дереккөз

Алматыда жасөспірім әлеуметтік желідегі хайп үшін көшеде кетіп бара жатқан қарияны тектен-текке соққыға жыққан.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан екеуінің сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Кейін жасөспірім қарияның бетіне жұдырықпен бірнеше рет соққы жасап, жерге құлатқан.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша тіркелгенін мәлімдеді.

Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 2007 жылы туған азамат ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды, – деді полиция өкілдері.

Е.Болатұлы

Ұқсас жаңалықтар

Алтай Көлгінов Қызылорда облысына іс сапармен келіп, ауыл мектептерінің жайымен танысты

admin_altyalash

Бурабай – еліміздегі халық ең көп келетін Ұлттық парк

admin_altyalash

Спортшыларымыз заман талабына сай келмейтін залдарда жаттығып жүр

admin_altyalash