Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Қостанай облысында екі астық қоймасына жай түсті: зардап шеккендер жоқ

фото: gov.kz

1 тамызда «Компания САЛАМАТ» ЖШС диірмен кешенінің аумағында екі астық қоймасы қирады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Болжам бойынша, оған жай (найзағай) түскен. Бұл жағдай апат деп қарастырылып отыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында Өндірістік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жұмыс атқарып жатыр.

Оқиғаға қатысы бар адамдардың бәрі анықталғаннан кейін, апатты тергейтін комиссия құрылады.

Ұқсас жаңалықтар

Зейнеткерлерге қамқорлық көрсету – тек қоғамның ғана емес, мемлекеттің де басты міндеті

altyalash_kz

«Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті

altyalash_kz

О фактах и интерпретациях вокруг социальных выплат работающим матерям

altyalash_kz