Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарСаясат

Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Президентке биылғы бірінші жартыжылдықтағы бәсекелестік жағдайы және негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдар жөнінде есеп берілді.

Мемлекет басшысына монополияға қарсы тергеу амалдарының аралық нәтижелері, экономиканы монополиядан арылту және бәсекелестікті дамыту үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ монополияға қарсы органның рөлін күшейту мәселесі туралы баяндалды. Жыл басынан бері монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректері бойынша 48 істі тергеу аяқталды. Сондай-ақ 33 іс тергеліп жатыр. Бұл ретте жосықсыз нарық субъектілеріне 3,5 миллиард теңгеден астам айыппұл санкциясы салынды. Соттың қарауында 40-тан астам монополияға қарсы іс бар.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасының негізгі салаларын монополиядан арылту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру ісін жалғастыруды және бәсекелестікті дамыту бойынша қосымша ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Шиелі диқаншылары 25,9 млрд теңгенің өнімін өндірді

admin_altyalash

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жетісу облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты

admin_altyalash

Президент Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады

admin_altyalash