Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Қостанайлық жасөспірім анасына үнемі қоқан-лоққы жасап келген

фото: polisia.kz

Қостанайда полицейлер отбасында үнемі жанжал шығарып, анасын қорқытып келген 17 жастағы жасөспірімге қатысты қорғау нұсқамасын шығарды.

Оның анасына психикалық қысым көрсетіп келгенін арнайы рейд жүргізген ювеналды полиция анықтап, бақылауға алған.

Пәтерлердің біріне барғанда бізге көрші тұратын әйелдің жағдайы туралы баяндалды. Ақпаратты тексеріп, 17 жастағы жасөспірімнің анасына психикалық қысым көрсететіні анықталды. Үнемі ұрысып, көңіл көтеру және қымбат заттар сатып алуға ақша сұрап, несие алуға мәжбүрлеген, – деді полицей Елизавета Володина.

Әйелдің өзі үнемі осындай жағдайға тап болатынын полицияға айтқысы келмеген.

Әйелмен әңгімелесіп, өз құқығын қалай қорғай алатынын түсіндірік. Ал жасөспірімге қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды және есепке алынып, бұл іске психиолог араласты, – дейді ювеналды полицей Данил Боханов.

Енді бұл отбасын полиция үнемі бақылауда ұстайтын болады.

Дереккөз: polisia.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қарағандыда куәгерді азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

admin_altyalash

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының үшінші кездесуі өтті

admin_altyalash