Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Құны 7 млрд теңге тұратын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының прокуратурасы зерделеу барысында заңсыз алынған жер учаскесін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, 2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді.

Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 гектар жер учаскесі «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған. Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамады, – делінген хабарламада.

Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Сот шешімі күшіне енбеді.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады

altyalash_kz

Қырғызстан туына өзгеріс енгізеді

altyalash_kz

Алматыда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» республикалық семинары өтті

altyalash_kz