Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

«Самұрық-Қазынаның» басқарушы директоры тағайындалды

Айдар Рысқұлов «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол осы уақытқа дейін «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болған.

Айдар Қайратұлы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген, сонымен қатар Назарбаев Университетінде алған МВА магистрі дәрежесі бар.

Осы жылдар ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, АТФ Банк, Банк ЦентрКредит, Халық банкі, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істеді.

Соңғы жеті жыл бойы «Самұқрық-Қазынаның» қаржылық активтерді басқару жөніндегі директоры, сондай-ақ корпоративтік қаржы департаментінің директоры болды.

Айта кетейік, өткен жұмада оның алдындағы директор Нәзира Нұрбаева Президент өкімімен Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Құлсарыда жоғалған екі адамның мәйіті табылды

admin_altyalash

Қазақстан өзін негізгі азық-түлікпен толық қамтуы керек – Премьер-Министр

admin_altyalash

Жартыжылдық қорытындысы: әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының төмендеуі, тауар айналымының өсуі және тұтынушы құқығын қорғау

admin_altyalash