Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Қазақтың тазысы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Қазақтың тазысы Женевада өткен World Dog Show -2023 әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Танылмаған тұқымдар тобында қазақстандық 2 ит үздік деп танылды. Халықаралық кинология федерациясы ұйымдастырған жарысқа еліміздің атынан Тұмар мен Вангелия есімді төрт аяқтылар қатысқан болатын.

Ал жуырда Қазақстанның кинологтар қауымдастығы осы FCI (Эф-Си-Ай) ұйымының толыққанды мүшесі атанған. Бұл өз кезегінде тазы мен төбеттерге халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл жаһандық жарысқа 20 мыңнан астам ит қатысқан.

Ұқсас жаңалықтар

Кореяда 2 күнде енгізген жобамызға Қазақстанда үш ай уақыт кетті – Жанәділ Талдыбаев

admin_altyalash

Мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысы 20 пайызға өседі

admin_altyalash

Аналар – өмірдің нұры, отбасының тірегі

admin_altyalash