Атырауда ер адам балабақшаны тонады (ВИДЕО) – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі

Атырауда ер адам балабақшаны тонады (ВИДЕО)


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999

20 шілдеге қараған түні белгісіз адам Атыраудағы балабақшалардың біріне мүлікті ұрлау мақсатында пластикалық терезесінен кіріп, екі ноутбукты ұрлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Атырау қалалық № 1 полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні ұстап, заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ», – деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *