Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

172 қазақстандық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық стипендия иегері атанды. Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланады.

Еске сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау 4 лекке бөлінген. Соңғы лекке 15 қыркүйекке дейін, ал ғылыми тағылымдама бағдарламасына 13 қазанға дейін құжат тапсыруға болады.

Стипендианттар тізімімен мына сілтемеде танысуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

admin_altyalash

Абай облысының әкімі аймақ зиялыларымен кездесті

admin_altyalash

Елордада кітап фестивалі өтті

admin_altyalash