Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Көлік министрлігін қайта құрған жөн – Мемлекет басшысы

Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет.

Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады», – деді Президент.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

admin_altyalash

Әлемнің жетекші университеттерінің биологтар командаларын басып озды

admin_altyalash