Қазақстан құрамасы Финляндиядан жеңіліп қалды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Мамыр 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Финляндиядан жеңіліп қалды

08.09.2023
0
Қазақстан құрамасы Финляндиядан жеңіліп қалды

Қазақстан футбол құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Финляндия құрамасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іріктеу кестесінде өз тобы бойынша екінші орында тұрған ұлттық құраманы көш басындағы қарсыластарымен болатын маңызды ойында қолдауға келген жанкүйерлер «Астана Арена» стадионын лық толтырды.

Қазақстан құрамасы алғашқы минуттан алаңға мына құраммен шыққан еді: Игорь Шацкий, Нұралы Әліп, Марат Быстров, Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Асхат Тағыберген, Ян Вороговский, Лев Скворцов, Абат Айымбетов, Бақтиер Зайнутдинов, Александр Марочкин. Бас бапкер – Магомед Әлиев

Финляндия құрамасының бастапқы құрамын мынандай болды. Лукас Градецки, Артту Хосконен, Ричард Йенсен, Роберт Иванов, Оливер Антман, Теэму Пукки, Расмус Шюллер, Каан Кайринен, Николай Алхо, Йоэль Похьянпало, Илмари Нисканен. Бас бапкер – Маркку Канерва.

Ойынға бас төрешісі румын Раду Петрескуге отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу, Марцел Бирса көмектесті.

Қазақстан футболшылары салған жерден өз алаңдарында атой салуға ниетті екенін көрсетіп, допқа иелік етуге талпынған. Бірақ финдер де мұндай қарсылыққа іштей дайындалып келгенін аңдатып, алаң иелерін тұсап бақты. Бірте-бірте қазақстандық футболшылар өздеріне үйреншікті «екінші нөмірмен» ойнауға көшкен. Оқтын-оқтын қарымта шабуылдардың бірі голмен аяқтала жаздады. Абат Айымбетовтің қиғаштай берген пасы Бақтиер Зайнутдиновті тапқан. Айып алаңының жиегінен жасаған соққы қақпадан сәл биік кетті.

Тағы бір сәтте Асхат Тағыбергеннің еппен тастаған добы Исламбек Қуатты қақпашымен бетпе-бет қалдыратындай мүмкіндік туындатқан. Бірақ қорғаушы мұндай ұрымтал сәтке дайын болмай шықты.

Алаң қонақтары аса сақ қимылдап, позициялық шабуылдарға иек артты. Соның арқасында болса керек, бірінші таймның өзінде финдер 4 рет бұрыштан доп көтерді.

Ойын барысында Теэму Пукки қақпашы Игорь Шацкидің бабын тексеріп алды. Қақпашының шалт қимылына жанкүйерлер қиқумен алғыс білдірді.

Абат Айымбетовтің сол қапталдан ішкерілей кірген қимылы қонақ команданың қорғаушыларын екі рет қатты састырды. Оның біріншісінде соққы әлсіз шықса, екінші талпынысын қорғаушы дер кезінде жауып үлгерді.

Кездесудің бірінші кезеңі ортасынан ауғанда жанкүйерлердің қолдауы қайта үдеген. Осы кезде Ян Вороговский алыстан соққы жасап көрді. Қарсы команданың қақпашысы Лукас Градецки допты бұрыштамаға жіберіп үлгерді.

Бұдан кейін Қазақстан құрамасының қақпасында доп еніп кетті. Оливер Антман допты қақпаға түсірердің алдында алаң сызығынан шығарып алғаны төреші назарынан тыс қалмапты.

Одан кейін Аслан Дарабаевтың жасаған соққысы қақпашының қолынан табылды. Осылашйа бірінші кезең 0:0 есебімен аяқталды. Ойынның статистикасын жүрігзушілер финдердің алғашқы 45 минуттың 55 пайызын доппен өткізгенін тіркеді.

Екінші кезеңнің үшінші минутында Исламбек Қуат Ян Вороговскидің пасын өкшесімен Бақтиер Зайнутдиновке ысыра салған. Бірақ соққы сәтті шықпады.

56 минутта Қазақстан құрамасының ойыншылары қарсылас қақпасын бір минут бойы тоуылдап, нәтиже шығара алмады. Финдер қарымта шабуылға ұмтылғанымен, қазақстандық футболшы ережені бұзып, шабуылды бесігінде тұншықтырды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қызылордада сотталған азаматтар кешкі мектепте білім алуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қорғаста бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.