Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Астанадағы гипермаркетте түнеген вайнерлер ұсталды

13 қыркүйек күні TikTok әлеуметтік желісін бақылау барысында төрт жас жігіт «Анвар» гипермаркетінде оның жабылуын күткен видеоконтент анықталды.

Олар іште қалып, мінез-құлық мәдениетіне сәйкес келмейтін әрекеттерге барған. Құқықбұзушыларды жеке күзет мекемесінің жедел әрекет ету тобының қызметкерлері ұстап, кейін олар мән-жайды анықтау үшін полицияға тапсырылды.

«Бұзақылар ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полициядан.

Эльмира Ағабек

Ұқсас жаңалықтар

Қызылорда облысында елді мекендерді көркейту жолға қойылды

admin_altyalash

QAZAQ AIR әуе компаниясы Астанадан Самарқандқа жаңа бағыт ашады

admin_altyalash

Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған турнирге әлем рекордшылары келеді

admin_altyalash