Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЖаһан жаңалықтарыСпорт

Танымал футболшы тағы бір жаңа рекорд орнатты

Португалия және саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдан тағы бір әлемдік рекорд орнатты.

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясының мәліметінше, Сауд Арабиясы чемпионатының 7-турында «Аль-Наср» «Аль-Ахли» клубын 4:3 есебімен жеңді.

Бұл Роналдудың жеңіліссіз өткізген 1001 матчы болды.

Осы уақытқа дейін өткізген ойындарының 777-сі жеңіс болса, 224-і тең ойын.

Криштиану «Аль-Наср» сапында 28 (барлығы 33), «Ювентуста» 114 (134), «Реалда» 386 (438), «Спортингте» 21 (31), Португалия құрамасында 158 (201) болғанда еш ұтылмаған. Ол барлығы 1183 ойын өткізген.

Ұқсас жаңалықтар

Қандас талапкерлер үшін қазақстандық ЖОО-ға түсуге жаңа жеңілдіктер бекітілді

admin_altyalash

Бұл – аймақтық емес, ұлттық жоба, бүкіл елдің өркендеуінің катализаторы

admin_altyalash

Мұражай коллекциясында мыңнан астам экспонат бар

admin_altyalash