Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениет

Астанада «Ulytau» этно-рок тобының 25 жылдығына арналған концерт өтеді

Әйгілі «Ulytau» этно-рок-тобы өзінің 25 жылдығына орай Астанада үлкен концерт өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

24 қазан күні кешкі сағат 20.00-де «Барыс-Арена» мұз сарайында жобаны жасаушы және продюсер Қыдырәлі Болманов бастаған «Ulytau» тобы өзінің 25 жылдығына орай үлкен концерт өткізеді.
Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары – Қарақат Әбілдина, Майра Мұхаммедқызы, RaiM, Kalifarniya, Amre, Qanay өнер көрсетеді.

«Ұлытау» – бұл батыс және шығыс мәдениеттерінің бірігуі әрі әлемде осы аспаптық жоба сияқты өзше баламалары жоқ.
Скрипканың жұмсақ дыбысы қазақ домбырасының таңғаларлық мотивтерімен үйлеседі, ал электр гитараның айқын екпіндері топтың дыбысын шынында ерекшелей түседі. Ұлытау музыканттары қазақтың әйгілі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрқисса Тілендиев секілді күйшілердің, сол сияқты әлемдік Бах, Вивальди, Паганини туындыларын орындайды әрі қазақтың халық шығармаларына да көп көңіл бөлінеді.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл облысында бас бухгалтер 7 млн теңге жымқырған

admin_altyalash

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі

admin_altyalash

Маңғыстау облысында 13 туристік жоба жүзеге асады

admin_altyalash