Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Апорттың Отаны Қазақстан екенін дәлелдеуге қанша уақыт керек?

фото: maja-dacha.ru

Бүгінде тиісті құжаттар жиналып жатыр

Әділет министрі Азамат Есқараев Алматы апортының Отаны Қазақстан екенін дәлелдеуге қанша уақыт керектігін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министр тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қазір Алматыдағы қауымдастықпен (Алматы апортының Отаны Қазақстан екенін дәлелдеуге қатысты) жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бізге олар өзінің арызын жіберді. Кейін оны біз өз жүйемізде тіркеп, тиісті құжаттарды жинап, халықаралық деңгейде тіркеу жұмыстарын жүргіземіз, – деді ол.

Сондай-ақ Азамат Есқараев бұған қанша уақыт керектігін айтып өтті.

«Кем дегенде жарты жыл керек. Біз жинаған құжаттарды Дүниежүзілік зияткерлік меншікті қорғау ұйымына (World Intellectual Property Organіsatіon/ WIPO) жібереміз», – деді министр.

Бұған дейін ол Алматы апортының Отаны Қазақстан екені заң жүзінде дәлелденетінін айтқан еді.

Дәурен Ерболат

Ұқсас жаңалықтар

Кәрім Мәсімов рақымшылық сұрады: заңда не жазылған?

admin_altyalash

Бүгін елдің 5 қаласында ауа сапасы бұзылады

admin_altyalash

Жаңа жүйенің басты қағидаты – ваучер білім беру ұйымына емес, тікелей балаға беріледі

admin_altyalash