Фото: stock.adobe.com
Жол-көлік оқиғасынан жыл сайын 2 мыңнан аса қазақстандық көз жұмады
Биыл 10 айда көлік апатынан қаза тапқан балалардың саны 14%, ал зардап шеккен балалардың саны 3% артқан. Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі – жолаушылар, ал қалғандары жаяу жүргіншілер болды, – деді Ақтоты Боранова ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, көп жағдайда балалар ересектердің қателігінен зардап шегеді. Себебі олар автоорындықтар, бустерлер және адаптерлер сияқты балаларды ұстайтын және қауіпсіздік үшін маңызды құрылғыларды пайдаланбайды.
Біз балаларға қауіпсіздік деңгейін бағалауды үйретуге және қиын жағдайда өздерін сенімді сезінуге көмектесуіміз керек. Баланың жолдағы мінез-құлқы көбінесе ата-анасының мінез-құлқына байланысты. Сондықтан егер ата-аналар жол қауіпсіздігі ережелері туралы сөйлесіп қана қоймай, оларды өздері сақтаса, бұл мінез-құлық бала үшін нормаға айналады, – деді ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор.