Фото: yuz.uz
92 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Мадияр Саидрахимов күміс медаль иеленді
28 қарашада Ташкенттегі «Универсал» спорт кешенінде бокстан Өзбекстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері болды.
Өзбекстан бокс федерациясының ұйымдастыруымен өткен ел чемпионатына 13 салмақ дәрежесінде былғары қолғап шеберлері күш сынасты. Онда Шодиержон Меликузиев (48 кг), Азизбек Жалилов ( 51 кг), Шахзод Музафаров ( 54 кг), Миразибек Мирзахалилов ( 57 кг), Дилшод Абдумуродов ( 60 кг), Руслан Абдуллаев ( 65,5 кг), Камронбек Тургунбоев ( 67 кг), Хавасбек Асадуллаев ( 71 кг), Алахон Абдуллаев ( 75 кг), Торабек Хабибуллаев ( 80 кг), Самандар Жалолов ( 86 кг), Лазизбек Мулложонов ( 92 кг), Жаһонгир Зокиров аса ауыр салмақта, яғни 92 келідкен аса салмақ дәрежесінде чемпион атағын жеңіп алды, – делінген хабарламада.
63,5 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Руслан Абдуллаев финалда Мужиболло Турсуновты жеңді. Ал 92 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан тағы бір қазақ боксшы Мадияр Саидрахимов финалда Лазизбек Мулложоновқа есе жіберіп, күміс медаль иеленді.
Бокстан Өзбекстан чемпионатына Қарақалпақстан Республикасынан да спортшылар қатысты.