Көлік министрі жол салатын компаниялардың басшыларына ескерту жасады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Көлік министрі жол салатын компаниялардың басшыларына ескерту жасады

04.12.2023
0
Көлік министрі жол салатын компаниялардың басшыларына ескерту жасады

Фото: Көлік министрлігі

Енді олар жобаның бағасын өз қалауы бойынша өсіре алмайды

Көлік министрі Марат Қарабаев жол салатын компаниялардың басшыларына ескерту жасады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ол республикалық маңызы бар жолдарды автокөлікпен жүріп өтіп, жолдардың сапасын тексерді.

Қызылорда облысында China Civil Engineering Construction Corporation мердігерлік ұйымының базасында Марат Қарабаев жиналыс өткізді. Оған «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен 5 құрылыс компаниясы қатысты. Ұзындығы 208 шақырым болатын «Қызылорда-Жезқазған»тасжолын реконструкциялау жобасын Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) қаржыландырады. Жолды III техникалық санаттан II техникалық санатқа ауыстыру көзделіп отыр.

Қазір жолдың 85 шақырымына асфальтбетон төселіп, ол пайдалануға берілген. Жолды 2024-2025 жылдары толық аяқтау жоспарланып отыр.

Алайда мердігер компаниялар жоба құнын ұлғайту мәселесін көтеріп отыр. Осыған байланысты Марат Қарабаев енді жол салатын компанияларға жобаның құнын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейтінін қатаң ескертті.

Кейбір компаниялар жұмыс басталған алғашқы жылы жұмыстарды әдейі кешіктіріп, алдағы 3-4 жылда жобаны қымбаттау мәселесін алға тартады. Осындай жағдайға тап болып отырмыз. «Енді келісілген сомадан артық ештеңе берілмейді» деп бірден айтамын. Бұрын-соңды басқа учаскелерде, атап айтқанда «Қарағанды – Балқаш» және «Талдықорған – Өскемен» учаскелерінде жұмыс істеген әріптестеріңіздің тәжірибесіне қараңыздар. Бұл баршаға сабақ болып, енді қайталанбауға тиіс. Бұдан былай жол жобаларында қолдан қымбатшылық жасауларыңызға жол берілмейді. Қолыңыздан келмесе, келісімшартты бұзып, жұмысты сол жерден тоқтатыңыз. Бұл барлық мердігер мен жобаға қатысты, – деді министр.

Cонымен қатар ол сенімсіз жол салатын компаниялар жаңа жобаларға қатыстырмау үшін заңнамаға өзгерістер енгізуге бастамашы болғанын айтты.

«Қара тізім» бұрын да болған. Алайда қазір аталған норманы пайдалану аясын одан әрі кеңейткіміз келеді. Сондықтан елімізге алғаш рет кіріп жатқан компаниялар бірден өздеріне «Қазақстанға ұзақ уақыт жұмыс істеуге келдік пе, әлде жоқ па?» деген сұраққа жауап беруі керек. Өйткені алдағы 6 жылда 8 мың шақырымға жуық жолда құрылыс жұмысын жүргізу жоспарланып отыр, – деді Марат Қарабаев.

Сондай-ақ министр компанияларға кеңес берді.

«Барлық қажет техниканы өздеріңізбен бірге алып келіп, ұзақ мерзімге жауапты қызметкерлерді жалдаңыздар. Егер мердігер жобаға кірісіп, алайда техниканы сатып алу үшін бізден аванс күтіп отырса, біз онымен қоштасуға мәжбүр боламыз. Мұндай тәжірибе біз үшін таңсық емес», – деді ол.

Дәурен Ерболат

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Air Astana» компаниясына 876 млн теңге айыппұл салынды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Балалар омбудсмені ашық люктер үшін әкімдерді жазалауға шақырады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.