Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғамСпорт

Қазақстанға бокстан Кубаның ерлер құрамасы келді

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/

Бостандық елінің былғары қолғап шеберлері оқу-жаттығу мен турнирге қатысады

Қазақстанға бокстан Кубаның ерлер құрамасы келді. Бостандық елінің боксшылары еліміздің былғары қолғап шеберлерімен бірге оқу-жаттығу жиынына қатысып, Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысады.

Қонақтар қатарында барлығы 9 былғары қолғап шебері мен екі жаттықтырушы келді. Олардың арасында әлем чемпионатының және Панамерикалық чемпионаттың қазіргі финалистері, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Негізгі екпін олимпиадалық салмаққа аударылған.

Куба құрамасының бас жаттықтырушысы Карлос Мануэль Перес Рейестің айтуынша, оның боксшыларының арасында тәжірибелі спортшылар да, жастар да бар.

Біз Қазақстанға алғаш рет келіп отырған жоқпыз. Бізде бокста елдер арасында жақсы достық бар. Сондықтан командамызбен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізу, сонымен қатар Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған дәстүрлі турнирде өз өнерімізді көрсету туралы шешім қабылдадық. Мен өз атымнан және Куба құрамасының атынан Қазақстанға шақырғандарыңыз үшін алғыс айтамын, – деді ол.

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың тәрбиеленушілері мен Азаттық аралынан келген қонақтардың қатысуымен Қарағанды қаласында 4-16 желтоқсан аралығында оқу-жаттығу жиыны өтеді.

17 желтоқсанда Қарағандыда Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған ХХХІХ халықаралық турнир басталады. Ерлер мен әйелдер арасындағы үздіктер 21 желтоқсанда анықталады.

Дастан Жұмабекұлы

Ұқсас жаңалықтар

ӘЙТЕКЕ БИ БӘЙБЕКҰЛЫНЫҢ 380 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

admin_altyalash

UBM Group Қазақстанның бірқатар өңірлерінде құрама жем және премикс өндіру бойынша жобаларды іске асыруға ниетті

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА 21 СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРДІ

admin_altyalash