Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Қызылордадағы шыны зауыты қалай жұмыс істеп тұр – әкім есебі

Фото: pixabay

Қызылордадағы шыны зауыты жанынан 8 түрлі шыны бұйымдарын шығаратын ілеспе кәсіпорындар құрылады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев елордада есептік кездесуінде айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Былтыр іске қосылған шыны зауыты тұрақты өнім шығарып, өнімнің 70 пайызын ішкі нарыққа, 30 пайызын – Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдеріне экспорттауда. Зауыттың негізі қуаты – 197 мың тонна, зауыт ашылғалы жобалық қуаттың 85 пайызын игеріп, 167 мың тонна өнім шығарды. Шыны зауытының аясында шағын және орта кәсіпкерлік белдеуін дамытуға мүмкіндіктер мол. Зауыт жанынан құны 130 млрд теңгеден асатын 8 түрлі шыны бұйымдарын шығаратын 8 ілеспе кәсіпорын құрылады», – деді Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өңір әкімінің айтуынша, келесі жылы жылына қосымша 5 млн шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндірісі іске қосылып, шыны бөтелкелер және алғашқы айна зауытының құрылысы басталады. Бұл 3 жобаның жалпы құны 32,3 млрд теңге.

«Шыны бөтелкелер жобасын жүзеге асыруға Қазақстан мен Германия мемлекеттері басшыларының қатысуымен өткен бизнес форумда қол жеткіздік. Құны 1 млрд теңгені құрайтын әк және құрғақ құрылыс қоспаларын шығару цехы іске қосылды. 2024 жылы аймақта құны 27,1 млрд теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылады», – деді Н. Нәлібаев.

Айта кетейік, алдағы 6 жылда Қызылорда облысында 65 жоба іске қосылып, 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Ұқсас жаңалықтар

Бала санасы бақылаудан шығып барады: Оқушылар мұғалімге неге пышақ ала жүгіретін болған?

admin_altyalash

Күрестен ӘЧ: Қазақстан балуандарына жүлде бұйырмай тұр

admin_altyalash

Республикалық акция аясында Қазақстанда 300-ден астам іс-шара өткізілді

admin_altyalash