Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Шымкент мектептеріне қазақтың ұлы тұлғаларының есімдері берілмек

Фото: gov.kz

Шымкент қаласының бірқатар мектебіне қазақтың ұлы тұлғаларының есімдері берілмек, деп хабарлайды Kazinform.

Ашық НҚА порталында «Шымкент қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру және қайта атау туралы» Шымкент қаласы әкімінің қаулы жобасы жарияланды.

Құжатта Шымкент қалалық білім басқармасының «№ 28 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Фариза Оңғарсынованың; «№ 80 ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ақселеу Сейдімбектің; «№ 90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абайдың; «№ 3 балалар эстетикалық саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілетіндігі айтылған.

Сондай-ақ «Х.Әлімжан атындағы № 85 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік «Тәуке хан атындағы № 85 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталмақ.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақстан» шахтасындағы апат: қаза болған бес кеншінің аты-жөні жарияланды

admin_altyalash

Доллар бағамы 500 теңгеден асты: Ұлттық банк жаңа талап енгізеді

admin_altyalash

Грант иегері: «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобаны мектеп деңгейінен де ауқымды етуге мүмкіндік берді

admin_altyalash