Ұлытау облысында перзентхана жоқ – Берік Әбдіғалиұлы – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Ұлытау облысында перзентхана жоқ – Берік Әбдіғалиұлы

09.12.2023
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: видеодан алынды

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында облыс бөлінгелі қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Kazinform. 

«Біздің облыс Қарағанды облысынан бөлінгенде аяқталмай қалған бірнеше проблема болды. Биыл да шешілмеген мәселелер бар. Мәселен, Жезқазған қаласында 12 жылдан бері салынбай тұрған 320 орындық балабақша бар. Құрылысы бітпеген спорт кешені бар, онда екі мердігер соттасып жатыр. Теректі ауылында мектептің құрылысы аяқталмаған, Сәтпаев қаласында балабақша мен оқушылар сарайы, Ақтүбек ауылындағы спорт залы секілді орта жолда қалған жобалар көп», – деді Берік Әбдіғалиұлы.

Әкімнің айтуынша, Жезқазғанда облыс орталығы болмаған 25 жылда әлеуметтік нысандардан бір мектеп қана салынған.

«Пандемия кезінде берілген модульдік аурухананы есептемегенде, басқа нысандар соғылмады. Мемлекет басшысының облысты бөлу туралы әділетті шешімі шыққанда халық қуанды. Жобалар басталуын басталған, бірақ соңында мердігерлер соттасып, таласып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты тоқтатылған нысандар бар. Бірінші кезекте осыларды қолға алдық. Бір мектептің құрылысы проблемалық болғандықтан мүлдем алмадық, оны Қарағанды облысының өзі келесі жылы аяқтап беретін болды», – деді Б. Әбдіғалиұлы.

Сонымен бірге, әкім облыста балалар ауруханасы жоқ екенін, көптеген медициналық мекеме жабылып қалғанын баса айтты.

«Оларды қалпына келтіру үшін тағы 2-3 жыл уақыт қажет. Бірінші кезекте Үкіметке жүгініп, перзентхананың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп жатырмыз. Босанатын әйелдер көпсалалы аурухана ішіндегі бөлімге барады. Ал жаңа заманауи қондырғылары бар бөлек перзентхана ғимараты жоқ. Онкологиялық диспансер жоқ, бұл да ауру да артып келе жатыр. Бұл тек денсаулық саласы ғана. Қазір осының бәрін есептеу, құжаттарын дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Қаражатты Үкіметтен сұрап жатырмыз», – деді облыс әкімі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елордадағы Қызылорда облысының өнер күндері «Жәмилә» спектаклімен ашылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанның гуманитарлық жүгі тиелген ұшақ Мысырға барып қонды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.