Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Астанада алғаш рет «Джулия» мюзиклі қойылады

Фото: Aurora Event Group

Көпшіліктің көп күткен қойылымына билеттер сатылымы басталды

Желтоқсанның 9 мен 21 арасында Astana Ballet театрының сахнасында A’Studio тобының ел сүйсінген әндеріне негізделген «Джулия» мюзиклі өтеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елітіп әкететін оқиға желісі, ерекше музыкалық шоу, аты аңызға айналған ұжымның хит әндері, мінсіз хореография мен талантты жас артисттердің өнері көрермен көңіліне көктем ұялатып, алаңсыз кездерді еске саларына шүбә жоқ. Жоспар бойынша 19 көрсетілім қарастырылған, сонымен катар ұйымдастырушылар астаналық мекемелердің балаларына арнап арнайы көрсетілім қоюға ниетті.

«Джулия» мюзиклінің оқиға желісі романтикалық қарым-қатынасқа, кездесу бақыты мен қоштасу мұңына, мәңгілік махаббат пен өмірлік бір болуды іздеу сияқты сезім әлеміне негізделген. Қойылымды A’Studio тобының ұзақ жылдар бойына жетекшісі Байғали Серкебаев пен атақты ресейлік қоюшы-режиссер Василий Бархатов бастаған үлкен халықаралық шығармашылық топ іске асырды. «Джулия» мюзиклінің либреттосын танымал сценарист, драматург Михаил Дурненков жазды.

А’Studio тобының шығармашылығын бағалайтын көрермен үшін сүйікті әндер жаңа нұсқада, мюзикл әртістерінің интерпретациясында орындалады. Мюзиклдің тамаша сценорграфиясы, декорациясы, костюмдері мен гримі көрермен көңілінен шығып, тамаша әсер қалдыратыны сөзсіз. Бұнның бәрін көзбен көрген абзал. Сондай-ақ, мюзикл барысында топтың бірнеше танымал әндері қазақ тілінде шырқалатыны да көрерменге арналған тағы да бір тосынсый болмақ.

Бұл менің бұрыннан келе жатқан арманым еді. Осы жобада оны іске асырғаныма қуаныштымын, – деді A’Studio тобының көшбасшысы Байғали Серкебаев.

Ауқымды жобаның қатаң іріктеуінен бүкіл ТМД-ның вокалдық-музыкалық жағынан, актерлық шеберлігі мен хореографиясы жағынан ең үздік әртістері өтті. Іріктеуге, жалпы алғанда, 3 мың адам қатысып, оның арасынан 60 адам таңдалып алынды.

«Джулия» мюзиклі – Қазақстан мәдени төлқұжатына айналған әлемдік деңгейдегі шоу.

«Джулия» – озық техникалық жабдықтармен және түрлендірілетін декорациялармен жабдықталған Бродвей форматы бойынша қойылған алғашқы қазақстандық мюзикл. Шоу тек жағымды эмоциялар беріп қана қоймай, Қазақстанда жаңа сахналық жанрды дамытып, креативті индустриялардың дамуына серпін беруді мақсат етеді. Еуропа мен АҚШ-та мюзиклдер жыл сайын миллиондаған көрермендерді жинайды. Қазақстанда бұл сахналық жанр енді ғана пайда бола бастады.

«Джулия» премьерасы 2022 жылдың 25 желтоқсанында Алматыда өтті. Осы сәттен бастап 60 мыңнан астам көрермен тамашалаған 80 спектакль қойылып, шоуға қатысты әлеуметтік желілерде 20 мыңнан астам оң пікір айтылды. Алматыдағы қойылымдар кезінде 30 үйлену туралы ұсыныс жасалды, сондай-ақ, шоудан шабыттанған ата-ана дүниеге келген қыз баласын кейіпкердің есімімен Джулия деп қойды.

Шоу билеттерін kassir.kz сайтынан алуға болады.

Айта кетсек, концерт ұйымдастырушысы – Aurora Event Group. Топқа әртүрлі деңгейдегі және форматтағы іс-шараларды (Aurora Event, Aurora Concert, Aurora Production) жасау, ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстардың толық циклін жүзеге асыратын үш компания кіреді. Компания бес мыңнан астам іс-шара өткізді. Іс-шаралар географиясы әлемнің 30-дан астам елін қамтиды.

Ұқсас жаңалықтар

Конституциялық құрылым түбегейлі өзгеріп, азаматтардың қатысуы мен құқықтары кеңейтіледі

admin_altyalash

Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді

admin_altyalash

Харбин-2025 ең көп мемлекет пен спортшы қатысатын қысқы Азиада болмақ

admin_altyalash