Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғамМәдениет

Премьер-Министр «Алтын сапа» және «Парыз» лауреаттарын марапаттады

Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

Бүгін елордада Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Алтын сапа» және «Парыз» лауреаттарын марапаттады, деп хабарлайды Kazinform.

Атап айтқанда, Үкімет басшысы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымындағы үш компанияға сыйлықты табыстады.

Осы номинацияда «КазАзот» АҚ (Маңғыстау облысы), «МедиДез» ЖШС (Қостанай облысы), «Med365» компаниясы (Алматы) жүлдегер атанды.

алтын сапа
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

Мұнымен қоса Премьер-Министр «ПАРЫЗ» байқауы аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер арасында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығын иеленген Павлодар облысындағы «Галицкое» компаниясын марапаттады.

Ал ірі кәсіпкерлік субъектілері санатында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» бойынша «Қазмырыш» компаниясы «Парыз» байқауының арнайы жүлдесін алды.

алтын сапа

Ұқсас жаңалықтар

Оралда құрбандық шалу кезінде газ баллоны жарылды

admin_altyalash

«Astana Eurasian Book Fair-2026»: елордада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

admin_altyalash

Бала неге өтірік айтады?

admin_altyalash