Шымкентте жылдар бойы қаңырап тұрып, биыл 13 қарашада мемлекет меншігіне қайтарылған мәдениет үйінің төбесі опырылып, 18 жастағы медколледж студенті қаза тапты, деп жазады Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 18 желтоқсан күні шамамен сағат 19:48-де тіркелген. Қаза болған студент ескі ғимарат құлаған кезде екі досымен іште болған. 16 және 18 жастағы екі азамат сыртқа шығып үлгерген. Ал үшінші студент үйінді астында қалып қойған. Құтқарушылар оның денесін 1,5 метр тереңдіктен сағат 22:30-да алып шықты.
Бұл ғимарат кәсіпкер Тоқтар Төлешовке тиесілі болған. Ұзақ сот процесінен кейін ғимарат 2023 жылдың 13 қарашасында мемлекет балансына өткен еді.