Алматыда 2023 жылдың басынан бері 22 жаңа бағыт іске қосылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 29, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда 2023 жылдың басынан бері 22 жаңа бағыт іске қосылды

22.12.2023
0
Алматыда 2023 жылдың басынан бері 22 жаңа бағыт іске қосылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Бүгінгі таңда Алматы қаласының әкімдігі 144 қалалық және 34 қала маңындағы маршруттарды ұйымдастырды.

Бүгінгі таңда Алматы қаласының әкімдігі 144 қалалық және 34 қала маңындағы маршруттарды ұйымдастырды. Аталмыш бағыттарда 2326 жылжымалы құрам бар. Жыл басынан бері халық санының өсуіне байланысты 22 жаңа бағыт ұйымдастырылып, 23 маршрутта жылжымалы құрам жаңартылды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингі барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына орай берген жауабында айтты.

Сондай-ақ, қала басшысы Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін қоғамдық көлікті экологиялық отынға көшіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Алматы әкімдігі мен жеке тасымалдаушылар газбен және электрмен жүретін автобустарды белсенді түрде сатып алу жұмыстары жүріп жатқанын баяндады.

Мәселен, 2023 жылы бюджет қаражаты есебінен коммуналдық автопарк үшін 600 газбен жүретін автобус сатып алынды. Бүгінде 430 автобус келді. Оған 60 млрд теңге жұмсалды. Оның көп бөлігі қалаға желтоқсан айының басында әкелінді. Қалған 170-і ағымдағы жылдың соңына дейін жеткізіледі.

Брифинг барысында журналистің №32 бағытқа қатысты сұрағына Алматы әкімі аталмыш бағыт бойынша қазір желіде 15 автобус жолаушы тасымалдайтынын айтты. Ал 27 желтоқсаннан бастап қосымша автобустар, яғни 25 автобус 7-8 минут аралықпен желіге шығатын болады.

Жалпы, 2024 жылы 1000 газбен жүретін автобус, 100 электробус және 100 троллейбус сатып алу жоспарлануда. Осылайша, троллейбус паркі толығымен жаңартылады.

«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 2025 жылға қарай автобус парктері 100% экологиялық көлік түрлеріне ауыстырылады. Қазір қалада 800-1000 автобус жетіспейді. Егер қосымша табыс болса,  жаңа автобустар сатып аламыз. Осылайша біз жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын жақсартқымыз келеді. Жылдам жеткізетін қоғамдық көлік орта мерзімді перспективада Алматы қаласындағы Көлік жүйесінің негізі болады деп ойлаймын», – деді Ерболат Досаев.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«2 баласы бар жалғызбасты ана»: Алматыда адамдарды қағып кеткен автобус жүргізушісі жайлы әкесі айтып берді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.