Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЖаһан жаңалықтары

Түркіменстанда Жаңа жылды тойлауға тыйым салынуы мүмкін

фото:Ашық дереккөз

Үкімет өкілдері жаңа ережелерге қатысты әзірге түсініктеме бермеген

Түркіменстанда балабақшалар мен мектептерде жаңа жылдық кештер өткізілмейді, деп хабарлады altyalash.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ жергілікті хәкімліктер әкімшілік ғимараттар мен кеңселердің алдына шырша орнатуға рұқсат бермейді. Үкімет өкілдері жаңа ережелерге қатысты әзірге түсініктеме бермеген.

Биыл Түркіменстанда жаңа жыл кезінде діни ағымдар күшейе бастаған. Имамдар мешіт жамағаттарын «мұсылмандарға жат мейрамды» тойламауға үгіттеп, базарларда шошқа етін сатуға шектеу қойып жатыр. Сондай-ақ департамент ғимараттарының алдына орнатылған жаңажылдық шыршаларжы жинап тастады. Ал былтыр керісінше, ғимараттың ішіне және сыртына екі шырша орнатуға бұйрық берілген, – деп жазды Түркіменстан шежіресі.

Десе де Түркіменстан халқы Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр. Саудагерлердің айтуынша, полицейлер 31 желтоқсан күні кешкі сағат 22.00-ден кейін ішімдік сатуға тыйым салынатынын ескерткен.

Ұқсас жаңалықтар

“Ұлы дала жорығы” халықаралық марафон-бәйгесінің үшінші күні басталды

admin_altyalash

Жаңа мәдениет нысанының ашылғанына өте қуаныштымыз

admin_altyalash

Президент «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалымен танысты

admin_altyalash