Қуаттылығы 500 МВт болатын жаңа ЖЭО 2029 жылдың соңына дейін салыну жоспарланған.
Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда энергетика жүйесіндегі тапшылықты жабу үшін жаңа қуаттар іске қосылатынын мәлімдеді.
«Қолданыстағы электр станцияларын қайта құру және кеңейту есебінен қосымша 5,6 ГВт қамтамасыз етіледі. Мұндай жобалардың қатарында қуаттылығы 325 МВт Ақсу ГРЭС №7 блогының құрылысы (2027 ж.), Қарағанды ЖЭО-3 турбинасын ауыстыру және қазандық қондырғысының құрылысы (2026 ж. 120 МВт) және Karabatan Utility Solution ЖШС бу-газды қондырғыны 310 МВт-тан 620 МВт-қа дейін кеңейту (2027 ж.) бар. Жоспарда қуаттылығы 6,7 ГВт болатын жаңа генерацияның құрылысы да қарастырылған», – деді ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Министр Жезқазған қаласында 2029 жылдың соңына дейін қуаттылығы 500 МВт болатын жаңа жылу электр орталығын салу жоспарланғанын атап өтті.
«Икемді генерацияны таңдау бойынша аукцион аясында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларында жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын жанар-жағармай құю станцияларын салу жоспарлануда. Жезқазған қаласында 2029 жылдың соңына дейін қуаттылығы 500 МВт болатын жаңа жылу электр орталығын салу жоспарланып отыр» – деді министр.