Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Атамекеннің бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтің соты жабық өтеді — судья

Фото: Арайлым Мұрат/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтің ісі жабық қаралады. Бұл туралы судья Айжан Күлбаева мәлім етті.

«Мемлекеттік айыптаушы қылмыстық істі жабық сот режимінде қарау жөнінде өтініш берді. Прокурорға куәгер Г. жеке басы мен отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін уайымдайтынын айтып, істі жабық қарауды сұраған. Айыптаудың мән-жайын ескере отырып, куәгерлер мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот мемлекеттік айыптаушының өтінішін қанағаттандыру және осы қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау қажет деп санайды», — деді судья Айжан Күлбаева.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, прокурор Бауыржан Шекенов сотты жабық өткізуді сұраған еді.

Өтініште сотқа қатысатын жәбірленушілердің, куәгерлердің, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі айтылған.

Еске сала кетейік, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов өткен жылы 10 мамырда ұсталған еді.

Антикор таратқан ақпаратқа сәйкес, ол алаяқтық және кәсіпкерді туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген күдікке ілікті.

«Атамекен» ҰКП экс-басшысына қатысты іс былтыр 21 желтоқсанда сотқа жетті.

Ұқсас жаңалықтар

Біздің жобамыз заманауи технологиялардың баспананы қалай жайлы әрі қауіпсіз ететінін көрсетеді

admin_altyalash

Алматыда 12 мұз айдыны тегін болады

admin_altyalash

Бұл – директорларды тағайындау ғана емес, сонымен қатар білім берудегі басқару мәдениетін жүйелі түрде жаңарту

admin_altyalash