Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Жамбыл облысында 26 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды

фото:polisia.kz

Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Жамбыл облысында қолайсыз ауа райының салдарынан 26 көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz.

31 қаңтарда сағат 10:47-де Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылының маңында Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолының 567-шақырымында ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, көрінудің шектелуі, боран) 26 автокөліктің (4 жолаушылар автобусы, 4 жүк көлігі және жеңіл көліктер) қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

«ЖКО салдарынан қаза тапқандар жоқ. Б. Момышұлы ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен 25 адам жүгінді», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Тараз қаласынан 593-тен 534 шақырымға дейінгі бағыттағы автожол екі жағынан да жабық. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда, оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Ұқсас жаңалықтар

Асханада асылып тұрған жерінен табылған: Арстан Алайға қатысты жаңа дерек шықты

admin_altyalash

 «Түркі елдерінде мемлекеттік тілді оқыту жүйесі» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел өтті

admin_altyalash

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада «Көшпенділер Әлемі» ауқымды этноауылы ашылады

admin_altyalash