Қазақстанда 218 мың науқас бар: Бүгін – Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Қазақстанда 218 мың науқас бар: Бүгін – Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні

04.02.2024
0
Қазақстанда 218 мың науқас бар: Бүгін – Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні
фото: valeniahs.com

Бүгін – Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні. Бұл дата 2005 жылы Халықаралық обырға қарсы күрес одағының (UICC) бастамасымен бекітілген, деп хабарлады altyalash.kz.

Бұл датаны бекіткендегі мақсат – халықтың онкологиялық аурулардың профилактикасы және оны ерте анықтау туралы хабардар болуын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы хабардар ету.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам обырға шалдығады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, онкологиялық есепте 218 мың қазақстандық тұр, онкологиядан 12 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Елімізде сүт безі обыры, колоректалдық  обыр, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры ең көп таралған. Бұл дертті емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді.

Сондай-ақ министрлік қазір Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізілетінін, олардың емханаларда қолжетімді екенін еске салды.

Олар:

  • сүт безі обырына скрининг (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда 1 рет);
  • жатыр мойны обырына скрининг (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда 1 рет);
  • колоректалдық обырға скрининг (ерлер мен әйелдер 50 жастан 70 жасқа дейін, 2 жылда 1 рет).

Бұған дейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Хайдарова елімізде онкологиялық дертке шалдыққан 12 мың бала барын айтқан болатын. Сондай-ақ маман Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші төмендегенін атап өтті.

Егер 2022 жылы елімізде онкологиялық аурулардан 13 мыңға жуық қазақстандық қайтыс болса, былтыр 11 мың адам көз жұмған. Өлім-жітім көрсеткіші азайып, 5 жылдық өмір сүру деңгейі артып келеді. Бұл – біздің қызмет үшін өте маңызды көрсеткіш, – деді онколог.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қызылорда облысында елді қорқытып, мүлік, ақша талап еткен адвокат 5 жылға сотталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.