Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Ауыр атлетикадан АЧ: Сайрамкез Ақмолда – күміс жүлдегер!

Фото: Тұрлыжан Айтенов

Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта помостқа шыққан Сайрамкез Ақмолда күміс жүлдегер атанды.

Ол жұлқа көтеруде 126, серпе көтеруде 166 келіні басынан асырып, қос жаттығудың қорытындысында 292 келі көрсеткішпен 2-орын иеленді.

Осы салмақта Солтүстік Кореяның спортшысы Ри Вон Джи 317 келі (137+180) көтеріп, Азия чемпионы атанды.

Сайрамкез Ақмолда жұлқа және серпе көтеруді қосқанда, 292 келіні (126+166) басынан асырды.

Таиландтың өкілі Терават Ратфет 286 келіні (128+158) көтеріп, қола жүлдеге ие болды.

Ташкенттегі Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.

Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, әйелдер арасында Айнұр Абдықалықова посмостқа шыққан болатын. Ол 45 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруде 62 келіні, ал серпе көтеруде 75 келіні басынан асырып, екі жаттығудың қорытындысы бойынша 137 келімен 4-орынды қанағат тұтты.

Ұқсас жаңалықтар

Нақты нәтижеге қол жеткізуге тікелей байланысты болады

admin_altyalash

Ерназар Жұбан «Славян базары» фестивалінде бірінші орын алды

admin_altyalash

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 16 СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin_altyalash