Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіпҚоғам

«Алтын орда» базарының бұрынғы атқарушы директорына қатысты үкім шықты

Фото: 5region.kz

«Алтын орда» базарының бұрынғы атқарушы директорына қатысты үкім шықты, деп хабарлады altyalash.kz Halyq Uni тілшісіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында сотталушы өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз сақтап, тасымалдады деп айыпталды.

Сотта анықталғандай, өткен жылдың жазында «Алматы-Бішкек» автожолында полиция қызметкерлері бір автокөлікті тоқтатқан. Оның артқы жолаушылар орнында сотталушы болған. Жеке тінту кезінде одан ұнтақ сақталған зат табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың нәтижелері бойынша тәркіленген зат мефедрон болып шықты. Оның салмағы – 1,796 грамм (аса ірі мөлшерде).

Сотталушы кінәсін мойындамай, айғақ беруден бас тартты.

Сот үкімімен М. ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда «Алтын орда» базары директоры орынбасарының Алматы-Бішкек автожолында ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Англияда мұғалімдер шеруге шығып, 11 мыңдай оқушы сабаққа бармады

admin_altyalash

Алматыда Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған шығармашылық байқау өтті

admin_altyalash

Асу Алмабаев UFC лигасында кезекті жекпе-жегін өткізді

admin_altyalash