фото:ашықдереккөз
Небәрі 20 жасында қос аяғынан айырылған Айсұлу Сүлейменова Дубайда өткен пара жеңіл атлетикадан Dubai 2024 World Para Athletics Grand Prix 15th Fazza International Athletics Championships жарысында, т62 класы бойынша өнер көрсетіп, жүлделі екінші орынды иеленді. Бұл сайыс Айсұлудың алғаш рет қатысқан халықаралық жарысы.
«Мен өте қуаныштымын. Қолдау білдірген барлық жандарға, қалалық спорт басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубының әкімшілігі мен дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына, жеке жаттықтырушым Аржаникова Айгүлге алғысымды білдіремін. Жеңісті сәттің әсерін айтып жеткізе алмаймын, себебі бұл – керемет сезім, алғашқы халықаралық жарыс, алғашқы жеңіс. Бүгінгі жеңісеңбек пен айқын мақсаттың нәтижесі деп білемін» – деді Айсұлу Сүлейменова.
Паралимпиадашы осыдан 11 жыл бұрын жол апатына түскен еді. Алайда ол сынаққа сынған жоқ. Протезбен жүруді үйреніп, артынша жеңіл атлетикамен шұғылдануды қолға алды. Айсұлу көпке үлгі боларлық қасиеттерге ие. Ол ауруханада жатқан сәтінде де оқуын тастамай тәмәмдаған. Ол отбасынды. Ұл баланы дүниеге әкелді. Ата-анасы мен туыс, дос-жаранның алдында сыйлы, еңбекқор, адал жан.
Өткен жылы ол Республика күні қарсаңында, яғни 25 қазан күніне орай Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен «Шапағат» медалі табысталды. Айсұлу жастарға ғана емес, жалпы өмірден өз орнын табуды көздейтін әрбір адам үшін мотивация. Оның тағдыры оңай болмағанымен, көз жасына ерік беріп, қол қусырып отыруды жөн санамаған Айсұлу бүгінде талай шыңды бағындырып келеді. Заман дамыған сайын паралимпиадашыларымыз да өздеріне ешкімнен кем көрмей, қайта жаңа технологиялар арқылы өздерін танытуға, дамытуға мүмкіндігі бар. Айсұлу қатып қалған стереотиптерді жойып, талай адамға рух бергені анық.
Бүгінде Қазақстанда паралимпиада спорт түрлеріне ерекше мән беріліп келеді. Ірің орталықтардың бірі бас қалада. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Астанадағы паралимпиада орталығына барып, жағдайымен де танысқан еді.
«Осы орталықтың арқасында елордамыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға спортпен шұғылдану тегін болып отыр. Елімізде 680 мыңға жуық әртүрлі деңгейдегі мүмкіндігі шектеулі жан бар. Қолымыздағы деректерге қарағанда сол азаматтардың 3 пайызы ғана белсенді түрде спортпен айналысады екен. Бұл жағдайды өзгерту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бүгін түске дейін еңбек және жұмыспен қамту бойынша кеңес өткіздім. Сол жиында мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуын жіті назарда ұстау керектігі айтылды. Бұл – үлкен әлеуметтік міндет. Ерекше қажеттілігі бар адамдардың толыққанды өмір сүруіне бар күшігімізді салуымыз керек» – деді Президент.
Паралимпиадашылар осы күнге дейін адам мүмкіндігінің шектеусіз екенін көрсетіп келеді. Бейжіңде өткен Паралимпиада ойындарында Александр Герлиц қола жүлдегер атанды. Ол 2022 жылы Пекинде өткен ойындарда жүлделі орыннан көрінген. Бұл саланың қарқын алып, дамып келе жақаны көрінеді. Әрине, аймақтық деңгейде де спортшыларымызға қаржылай және моральды қолдау қажет-ақ. Оны Президент те баса айтып, параспортшыларды әрдайым қолдайтынымызды айтқан еді.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz